Гимнасшылар іріктеу кезеңінде доп, ұршық, таспа, шығыршық жаттығуларында өнер көрсетті.
Ақмарал Ерекешева — 111.350 ұпай
Тахмина Икромова — 106.950 ұпай
Айбота Ертайқызы — 106.550 ұпай
Финал 3 қазан күні Астана уақыты бойынша 9:00-де басталады.
Осыған дейін Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола медаль еншілеген болатын.
