Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды • «Қияметте жауап бересіңдер!»: шыдамы таусылған әнші Ердос Қанаев ашуға мінді • Berlin Today сарапшылары: Экономикалық өсім Қазақстанның Орталық Азиядағы позициясын соңғы жеті жылда нығайтты • Ірі неміс басылымының сарапшылары соңғы 7 жылда Қазақстандағы оң өзгерістердің негізгі драйвері жайлы жазды • Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттары бірін толықтырады • Ақтауда жалған анықтама берген медицина қызметкері мен рулдегі әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды • Алматыда қызметін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысы сотталды •

    «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ

    «Абыздың» терең қабаттары зерттелуде: «Қазақмыс» барлау бағдарламасын жыл соңына дейін аяқтамақ

    Фото: Қазақмыс

    Қарағанды облысындағы «Абыз» алтын-полиметалл кен орнында геологиялық барлау жұмысы жалғасуда. Бүгінде 2 600 қума метрден астам бұрғылау жұмысы жүргізілді. Бұл жоспарланған 5 100 метр көлемнің жартысынан астамы, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бағдарлама аясында тереңдігі 800-ден 1 200 метрге дейінгі алты ұңғыма бұрғылау көзделген. Алынған кернге кешенді геологиялық зерттеу жүргізіледі. Бұл кен орнының терең деңгейжиектерінің құрылымын нақтылауға және болашағы бар учаскелерді айқындауға мүмкіндік береді.

    Терең бұрғылау – «Қазақмыс» компаниясының минералдық-шикізат қорын дамыту құралдарының бірі. Қолданыстағы кен орындарын тереңдікте зерттеу олардың алдағы әлеуетін бағалауға және болашақтағы геологиялық барлау жұмысының бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

    2026 жылы жаңа басқару командасының келуімен Қазақмыс геологиялық барлау бағытын күшейтіп, компания жұмыс істейтін өңірлердегі болашағы бар учаскелерді зерттеу ауқымын кеңейтті.

    «Абыз» кен орнында терең бұрғылау бағдарламасын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →