Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады •

    «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр

    «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр

    Фото: видеодан скрин

    Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары жолдың жағдайына шағымданып, көшеге қашан асфальт төселетінін сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың сөзінше, жыл сайын шұңқырлар тереңдеп, жеңіл көлікпен жүру қиындаған, ал жаңбырдан кейін жолдың жағдайы тіпті нашарлайды. Олар мұндай кезде такси жүргізушілерінің де көшеге кіруден бас тартатынын айтады. Тұрғындар бұған дейін жолды асфальттау мәселесін көтерген, ал алған жауапта жобалық-сметалық құжаттама дайын екені және жөндеу бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін жүргізілетіні айтылған. Енді жұрт Қанағат көшесіне нақты қашан асфальт төселетінін және бұл жұмыс 2027 жылдың жоспарына кіре ме деген сұраққа жауап күтеді. Айта кетейік, биыл Таразда 104 көшені жөндеу жоспарланған, ал қалада әлі 493 көше шағал тас күйінде қалып отыр.

    Видео: @taraz_v_obektive

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →