Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады • «Жылдың 10 оқырманы» жобасы еліміздің барлық өңірін қамтиды • Жаңа Қорғаныс министрі армияда қандай өзгеріс болатынын айтты • Жамбылда оқушы өлі табылды: Полиция іс қозғалғанын хабарлады • «Бір айдан асты»: Тараз тұрғыны краннан аққан лай суға шағымданды • «Жаңбыр жауса, жол жоқ»: Тараздағы Қанағат көшесінің тұрғындары әкімдіктен асфальт сұрап отыр • Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады •

    Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады

    Аяқкиімінің кесірінен алтыннан қағылды: ҰОК мәлімдеме жасады

    Фото: ҰОК

    Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық қашықтықтағы спорттық жүрістен мәреге бірінші болып келген Ясмина Тоқсанбаеваның нәтижесі жойылуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Спорттық жүрістен жарыс 27 қыркүйекте өтті. Ясмина Тоқсанбаева Қытай спортшыларын басып озып, мәреге бірінші болып жеткенімен, оның нәтижесіне қатысты шағым түсті. Тексерістен кейін қазақстандық спортшының нәтижесі жойылды. Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитеті ресми сайтында бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

    «Жарыс аяқталғаннан кейін World Athletics ережелеріне сәйкес әйелдер мен ерлер арасында жүлделі орындарға ие болған үш спортшының аяқкиімі міндетті тексеруден өтті. Тексеру барысында техникалық делегаттар Қазақстан өкілі Ясмина Тоқсанбаева пайдаланған аяқкиім үлгісінің World Athletics мақұлдаған модельдер тізімінде жоқ екенін анықтады.

    Мәселені одан әрі қарау үшін қазақстандық спортшының аяқкиімі суретке түсіріліп, тиісті мәліметтермен бірге ресми қорытынды алу үшін World Athletics-ке жолданды. Халықаралық федерацияның жауабы келгенге дейін марапаттау рәсімі кейінге шегерілді», — делінген хабарламада.

    ҰОК-тің мәліметінше, World Athletics-тің спорттық аяқкиімге қойылатын талаптары халықаралық федерация кеңесінің 2026 жылғы 19 наурыздағы шешімімен жаңартылып, 20 сәуірден бастап күшіне енген. Бұл жөнінде World Athletics-ке мүше барлық ұлттық федерацияға тиісті ақпарат жолданған. Аталған ережелер күшіне енген сәттен бастап жарысқа қатысушылардың барлығы үшін міндетті болып саналады. Оларды сақтамау спортшы нәтижесінің жойылуына әкелуі мүмкін.

    «World Athletics спортшы пайдаланған аяқкиім үлгісінің жарыстарда қолдануға рұқсат етілген модельдер қатарына кірмейтінін ресми түрде растады. Халықаралық федерацияның қолданыстағы ережелеріне сәйкес мұндай жағдайда спортшының нәтижесі жарамсыз деп танылып, жарыстың қорытынды хаттамасына тиісті өзгеріс енгізіледі. Осы Азия ойындарында мұндай жағдай бұған дейін жетісайыста өнер көрсеткен ирандық спортшы Мохитзадеге қатысты да болған. Тексеру барысында оның пайдаланған аяқкиім үлгісі де World Athletics мақұлдаған модельдер тізімінде жоқ екені анықталды. Ережеге сәйкес оның нәтижесі жойылды. Қорытынды хаттамаға өзгеріс енгізілгеннен кейін бұған дейін төртінші орында тұрған қазақстандық Алина Чистякова үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді. Мәселе туындаған сәттен бастап Қазақстан ҰОК қазақстандық спортшыға қажетті қолдау көрсету және апелляция беру мүмкіндігін қарастыру мақсатында World Athletics, Asian Athletics Association, Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) және Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →