«Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде «қаза тапқан сарбаздың анасы ұлы суға кеткен теңізге барды» деген жазумен видео тарады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Алайда Instagram желісіндегі u1bossyun_ аккаунты бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жазба авторының айтуынша, видеодағы адам қаза тапқан сарбаздың анасы емес, ал видеоның өзінде мұндай жазу болмаған.
«Бұл видео авторы мүлде басқа жан! Және ол видеоға ештеңе жазбаған! Не көрсеңіздер, соны сала бермей, көз жеткізіңіздер. Онсыз да қаза тапқандардың отбасылары жетісіп отырған жоқ!» – делінген жазбада.
Пост авторы жұртты тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырған. Кейін видеодағы әйелдің қазақстандық емес екені, кадрда Алжирден келген қыз болғаны белгілі болды.
