Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Ақтауда ірі техника тиеген жүк көлігі теміржол өткелінің құрылымына соғылып, автокөлік пен пойыз қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Оқиға 27 қыркүйек күні сағат 13:14 шамасында 17-бекет – ХГМЗ аумағында болған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
ҚТЖ мәліметінше, Маңғыстау – Болашақ учаскесіндегі Разъезд Р – Маңғыстау аралығы пойыз қозғалысы үшін уақытша жабылды. Мамандар қазір зақым келген өткелдің жағдайын тексеріп жатыр. Ақтауға кіретін жүргізушілерге Батыр ауылы арқылы Құрық бағытымен, ал қаладан шығатындарға Маңғышлақ пен Қызылтөбе арқылы жүру ұсынылды. Қазір зақым келген бөліктер қалпына келтіріліп жатыр. Жол қозғалысы өткелдің қауіпсіздігі тексерілгеннен кейін қайта ашылады.
Видео: @mangystau.tv
@mangystau_tv 17-пост маңында ауыр жүк көлігі көпірге соғылған. Оқиға салдарынан жол қозғалысына уақытша кедергі келуі мүмкін. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. #mangystautv #aqtau ♬ оригинальный звук — «Mańǵystaý» телеарнасы
