Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қарулы Күштерде әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды •

    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады

    Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының 20 жылдық шығармашылық жолы туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, аналарға көңіл айтты.

    Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының шығармашылық жолы мен еңбегі жайында жазба жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол Қайрат Нұртастың өнердегі жолын алғаш 30 адам қатысқан концерттерден бастап, бүгінде 30 мың көрерменнің алдына шығатын деңгейге жеткенін атап өтті.

    «20 жыл бұрын, алғашқы концерттерінде 30 адам болғанда уайыммен тақымымды қысып, қуаныштан көзіме жас алып отырған сәттерім, бүгінде 30 мың халықтың алдына шығуы, уайымыма уайым қосты. Себебі мұның артында қаншама қара тер, саналы сағаттар мен күндер емес 20 жыл еңбек тұр», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

    Оның айтуынша, Қайрат Нұртас бүгінгі күні өз еңбегін өмірден өткен жақындарының аналарына көмек ретінде арнамақ.

    «Иә, қаншама аналар кеше ғана өз ұрпағынан айрылып, 25 не қаралы күн болды, жас боздақтарымыздан айрылдық. Қайрат та қарап қалмай, бүгінгі күн үшін өз еңбегін сол бауырларының аналарына көмекке арнамақ», – деді ол.

    Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова елдің тыныштығын тілеп, аналарға көңіл айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →