Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Толқынында теңіздің, жас сүйегің былқылдап»: Жандарбек Бұлғақов сарбаздарды жоқтады (ВИДЕО) • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  • «Толқынында теңіздің, жас сүйегің былқылдап»: Жандарбек Бұлғақов сарбаздарды жоқтады (ВИДЕО) • Каспийге кеткен тағы 2 сарбаздың денесі табылды • Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты • «Су бірнеше күнге жоғалады, жарық та тұрақсыз»: Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындары мәселе көтерді • Азия ойындары: Жағажай волейболшылары Сергей Богату мен Кирилл Гурин Гонконг құрамасын жеңді • Қару кезеніп, ақша алды: Алматыда адамдарды бопсалаған күдіктілер ұсталды  •

    Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты

    Бас прокуратура Маңғыстаудағы жайтқа күдіктілер анықталғанын айтты
    Фото: © Sputnik

    Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша бірқатар лауазымды тұлға күдікке ілінді, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

    Прокуратураның мәліметінше, оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынып, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалыпты.

    «Қызметке салғырт қарады деп күдік келтірілген, сондай-ақ метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етпеген, құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған, соның салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соққан лауазымды тұлғалар анықталды», — деп хабарлады құзырлы органнан.

    Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты процестік шаралар қабылдайды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →