Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін
Фото: baq.kz
Айыптаушы Ұлдана Мырзуанның өліміне салқындатқыштың сыртқы бөлігінің құлауы себеп болмағанын айтып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Прокурордың айтуынша, фельдшер ғимарат қаптамасынан түскен бөлшектердің соққысынан қаза тапқан.
Марқұмның анасы Салима Омарова болса, моральдық өтемақыны талап етпейді.
– Ақша Ұлданамды қайтармайды. Ешқандай өтемақы оның күлкісін, дауысын, құшағын қайтара алмайды. Қызымның өмірін ақшаға бағаламаймын. Тек шындық пен әділдік сұраймын. Егер Жұбаниязованың кінәсі дәлелденсе, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймын. Себебі, ол екі баласын жалғыз өзі өсіріп отыр, – деді ол.
