Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Азиада-2026: Ел қоржынына алтыншы алтын түсті

    Азиада-2026: Ел қоржынына алтыншы алтын түсті

    Фото: ҰОК

    Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп, ақтық сында Тәжікстан өкілі Хуршедзода Бехрузден 3:0 есебімен басым түсті.

    Айта кетерлігі, бұл жүлде Қазақстан құрамасының осы Азиададағы екінші алтын медалі. Осыған дейін Еркінғали Бүркіталин дәстүрлі стилде 77 келі салмақта топ жарған болатын.

    Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →