Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 16 қыркүйек 2026 $ 450,0 519,2 5,33
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында топ жарды

    Қазақстандық спортшы триатлоннан Азия кубогында топ жарды
    Фото: olympic.kz

    Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев ерлер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды.

    Отандасымыз жарыс қашықтығын 1 сағат 00 минут 49 секундта бағындырып, бірінші орын иеленді.

    Күміс медальді Ресей спортшысы Григорий Антипов 1:01:01 нәтижесімен жеңіп алды. Тағы бір ресейлік Алексей Петровский 1:01:17 көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

    Қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі:

    • Рамазан Әйнегов – 20-орын;
    • Елмұрат Қанай – 25-орын;
    • Нұрасыл Сапарбек – 26-орын;
    • Федор Кузнецов – 30-орын;
    • Арсений Шевченко – 31-орын;
    • Матвей Шевнин – 35-орын;
    • Әлинаби Маралбеков – 40-орын.

    Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық Алуа Нұрмұхамет 14-орын алды. Калерия Шнейдер – 18, Арина Шульгина – 19, Рамина Агабаев – 20, Вероника Иванюк 22-орынға тұрақтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →