Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 9 қыркүйек 2026 $ 454,0 527,8 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады Павлодардағы автосервисте дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған «Жұрт несиеден несиеге күн көріп жүр»: Дана Нұржігіт халықтың қиналып жүргенін ашық айтты (ВИДЕО) Бибісара Асаубаева Үндістанда сәтсіздіктен көз ашпады Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады Павлодардағы автосервисте дөңгелек жарылып, жұмысшы қаза тапты Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады Атырауда түрмеге дрон арқылы телефон жеткізбек болған «Жұрт несиеден несиеге күн көріп жүр»: Дана Нұржігіт халықтың қиналып жүргенін ашық айтты (ВИДЕО)

    Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады

    Лондонға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жете алмады
    Фото: airastana.com

    Алматы – Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындап жатқан Airbus A321 әуе кемесінің Франкфурт әуежайына қауіпсіз түрде қонғанын хабарлайды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әуе кемесінің бортында 138 жолаушы болған. Өкінішке қарай, Лондон Хитроу әуежайы түннің соңына дейін жабық күйінде қалады, осыған байланысты Air Astana әрі қарайғы ұшуды тоқтатуға мәжбүр.

    – KC663 рейсінің ұшуы келесі күннің таңына сағат 09:25-ке (UTC) шегерілді. Барлық жолаушылардың ішінде 67 адамның жарамды Шенген визасы жоқ, сондықтан олар Франкфурт әуежайының транзиттік аймағында қалады, – делінген хабарламада.

    Компанияның дерегінше, барлық жолаушыларға күту уақытында тамақ пен салқын сусындармен қамтамасыз етілуі үшін әуежайда тамақтануға арналған ваучерлер берілген.

    Әуекомпанияның жерүсті қызметтері мен өкілдері қалаға шығуға құқығы бар жолаушыларды қонақүймен қамтамасыз ету, сондай-ақ күтпеген кідіріс жағдайында қажетті тамақпен, сусындармен және қолдау көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істеп тұр.

    Air Astana жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі мен жайлылығы әрқашан басты басымдық болып қала беретінін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →