Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың тамақтануына байланысты ата-аналарға үндеу жасады Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Мысырда жолаушылар автобусы аударылып, 21 адам қаза тапты Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың тамақтануына байланысты ата-аналарға үндеу жасады

    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев

    Қазақстан ШЫҰ Даму банкінің штаб-пәтерін орналастыруға дайын — Тоқаев

    Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік аясын кеңейтудің стратегиялық мәні зор, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Мемлекет басшысы күш-жігер жұмылдыру нәтижесінде ШЫҰ елдерінің өзара тауар айналымы бір триллион долларға таяп қалғанына назар аударды.

    — Алайда, біздің пікірімізше, экономикалық байланыс мүмкіндіктерін әлі толық пайдалана алмай отырмыз. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ресурстық, өндірістік және технологиялық әлеуетін барынша пайдаланып, жаңа өсім бағыттары мен орнықты іскерлік байланыстарды түзу маңызды. Қазақстан ШЫҰ-ның кең ауқымды сауда-инвестициялық кеңістігі қалыптасқанын қалайды. Кедергілері мейлінше аз, цифрлық процедуралар мен көлік-логистикалық байланыстары дамыған орта құрып, уағдаластықтардан нақты бастамаларға көшу керек деп санаймыз. Пилоттық жоба ретінде индустриялық консорциумдар тетігін енгізуді ұсынамыз. Бұл мемлекеттерге басқа қатысушыларды күтпей-ақ, пісіп-жетілген жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кейін табысты бастамаларды тұтас Ұйым аумағында жаппай таратуға болады, — деді Мемлекет басшысы.

    Президент қазіргі шекара маңындағы ынтымақтастық орталықтарының базасында ШЫҰ трансшекаралық сауда аймақтарын іске қосуға болады деп санайды.

    — Осы арқылы тауар алмасудың оңтайланған тәсілін, цифрлық рәсімдерді және заманауи есеп айырысу тетіктерін сынап көруге болады. Тағы бір басым бағыт — толыққанды инвестициялық контур қалыптастыру. Қазақстан Қытайдың ШЫҰ Даму банкін құру туралы бастамасын қолдайды. Қаржы ұйымының ресурсын, ең алдымен, инфрақұрылымдық, технологиялық және өнеркәсіп жобаларына бағыттаған жөн. Мүше мемлекеттердің ортақ ұйғарымы болған жағдайда, Қазақстан аталған институтты, оның штаб-пәтерін өз аумағында орналастыруға дайын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →