Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты

    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті

    «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті

    Фото: Видеодан скрин

    Танымал  тележүргізуші, блогер  Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тележүргізуші келінінің ұзату тойынан видеолар жариялап, отбасындағы ерекше күннің қалай өткенін көрсетті. Ол жазбасында «Миссия орындалды» деп, көптен күткен қуанышты сәтін жариялады.

    Динара Сәтжан келін түсіру үлкен жауапкершілік екенін айтып, ене атануға байланысты қобалжып жүргенін де жасырмады.

    «Бүгін келінімізді үйге алып келеміз! Білесіздер ме, бұл – үлкен жауапкершілік. Қазіргі заманғы ене ретінде зумерлердің жеке шекарасына өте ұқыпты қарайтынын түсінемін. Оларды да жақсы түсінемін. Ал біз, миллениалдар, «сабыр түбі – сары алтын», «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген түсініктермен өстік. Z буынынан кейінгі Альфа ұрпағымен қарым-қатынасымыз қандай болатынын елестетудің өзі қызық. Енеге дипломатия бойынша арнайы курс оқуға тура келетін шығар», – деп әзілдеді ол.

    Сонымен қатар журналист ұрпақ пен заман өзгергенімен, ата-ананың балаға деген тілегі өзгермейтінін атап өтті.

    «Әр ата-ана үшін ең бастысы – баласының бақытты болғанын көру. Мінсіз болғанын емес. Ыңғайлы болғанын емес. Ең бастысы – бақытты, сүйікті әрі өзіне сенімді болғанын қалау. Егер балаларымыздың бақыты үшін бізге жаңа нәрсені үйрену, өзімізді өзгерту, олардың жеке шекарасын құрметтеу, еркіндік беру және кейде жай ғана жанында болу қажет болса, мен ол үшін бәрін жасауға дайынмын. Ал бүгін – жай ғана бақытты күн. Бүгін біз өз қызымызды үйге алып келеміз», – деп жазды Динара Сәтжан.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →