Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды

    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Әнші Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті. Желі қолданушыларының сынынан кейін әннің жаңа нұсқасы ұсынылды.

    Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Сурет: Ашық дереккөз

    Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен «Сүй, иә» әнінің мәтіні жаңартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әнші Әділет Жауғашар көпшілік тарапынан айтылған сыннан кейін туындыдағы даулы жолдарды алып тастады. Бұған дейін әннің «Сұлудың жоқ дегені – иә» деген жолы желі қолданушыларының наразылығын тудырған еді. Жұртшылық бұл сөз адамның «жоқ» деген жауабын елемеуді ақтайтындай әсер қалдыратынын айтып, ән мәтінін сынға алған.

    Кейін әннің жаңа нұсқасы ұсынылды. Онда даулы шумақтың орнына: «Сұлудың жоқ дегенін сыйла, Сезімді ала алмайсың қинап. Қыздарды жамандыққа қима, Қима» деген жолдар жазылған.

    Ән мәтінінің өзгеруі әлеуметтік желіде де қолдау тапты. Көпшілік өнер иесінің сын-пікірді ескеріп, туындысын қайта қарағанын оң бағалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →