Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Қазақстан СІМ Малайзиядағы «визаран» тәуекелдері туралы ескертті Президент: Талас құрылтайы Алтын Орданың құрылуына себепкер болды Президент Халық Кеңесі жасақталатын мерзімді атады Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды

    Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді

    Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді

    Фото: Ақорда

    Қазақ халқы – сан түрлі сынақтан, небір нәубеттен аман өтіп, қайсарлығын да, қаһармандығын да паш еткен халық. Бұл туралы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    — Біз ұлттық сана-сезімді қалыптастыру ісіне баса назар аударатын болдық, бұл жұмыс өз жалғасын табады. Бұл – ең алдымен, төл шежіремізді тұтас тану және оны жұрт жадында жаңғырту деген сөз. Тарих – ұлттың темірқазығы, халқымыздың баға жетпес қазынасы. Оны жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді. Жігерімізді жасытып, кешегі күнге өкпе арта берсек, өскелең ұрпаққа қандай тәрбие береміз?! — деді Мемлекет басшысы.

    Президент біздің төл тарихымыз – қазіргі және келешек ұрпақтар мақтан тұтарлық бірегей жылнама екенін баса айтты.

    — Себебі қазақ халқы – сан түрлі сынақтан, небір нәубеттен аман өтіп, қайсарлығын да, қаһармандығын да паш еткен халық. Санасы сергек, ойы азат ұлт өткен күннен сабақ алады, өткен тарихын биікке көтереді және әрдайым алға ұмтылады. Әсіресе, қазір еліміз жаңа тарихи өрлеу кезеңіне қадам басып жатқан кезде бұл ұстаным айрықша маңызды, — деді Мемлекет басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →