Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Кәсіби шеберлік, табанды еңбек: «Жомарт» кеніші 20 жылдық мерейтойын атап өтті Айбек Дәдебай Құрылтай Төрағасы лауазымына ұсынылды Мемлекет басшысы: Тарихты жалған намыс пен даңғаза мақтан үшін бұрмалау жақсылық әкелмейді Зардабын келешек ұрпақ тартады: Тоқаев әлемнің дамуындағы қиындықтарға тоқталды Сайлау ашық әрі әділ өтті, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды — Тоқаев Бүгін өмірі өнегеге толы қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың туған күні Кәсіби шеберлік, табанды еңбек: «Жомарт» кеніші 20 жылдық мерейтойын атап өтті

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жеңуге қабілетті деп бағаланды

    Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альваресті жеңе алатыны айтылды. Сарапшылар қазақ боксшысының артықшылықтарын атады.

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жеңуге қабілетті деп бағаланды

    Сурет: instagram/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекте жеңіске жете алатын спортшылардың бірі ретінде аталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Boxing News and Views басылымы Жәнібектің «Канеломен» жұдырықтасуға деген қызығушылығына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазбен емес, Сауль Альвареспен кездескісі келетінін айтқан болатын.

    Басылым қазақстандық боксшының «Канелоға» қарсы жекпе-жекте мүмкіндігі жоғары болуы ықтимал екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, Әлімханұлының солақай тұрысы мексикалық боксшыға қолайсыздық тудыруы мүмкін. Жәнібектің «Канелоға» қарсы артықшылықтары ретінде мыналар көрсетілді: солақай боксшылардың Альвареске қиындық тудыруы; Әлімханұлының жылдам қарсы шабуылдары, рингтегі белсенді қозғалысы; чемпиондық жекпе-жектердегі тәжірибесі; жоғары салмақ дәрежесіне бейімделе алуы; жекпе-жек кезінде жоғары қарқын ұстай алуы.

    Сондай-ақ басылым Сауль Альварестің жасы да маңызды фактор болуы мүмкін екенін жазды. Мексикалық боксшы биыл 36 жасқа толады. Сауль Альварес келесі жекпе-жегін 31 қазанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткізеді. Оның қарсыласы WBC нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы француз Кристиан Мбилли.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →