Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Сатпаев ойнаған «Бернли» Англия лига кубогынан сенсациялық түрде шығып қалды Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген айыппен сот алдында Сая Оразғалиева екінші ажырасуы туралы айтты Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды

    Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ

    Астанада жаңа әуежай салуда Сингапурдың Чанги әуежайының тәжірибесі қолданылады. Президент Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесіп, ынтымақтастықты талқылады.

    Астанада жаңа әуежай Сингапур тәжірибесімен салынбақ

    Фото: akorda.kz

    Астанада жаңа заманауи әуежай салуда Сингапурдың Чанги әуежайының озық тәжірибесі қолданылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ақордада өткен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунмен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Президент Қазақстанда авиациялық хабты дамыту аясында Астанада жаңа әуежай салу туралы шешім қабылдағанын, бұл бағытта Сингапурдың тәжірибесі ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.

    «Чанги әуежайы әлемдік авиацияда «алтын стандарт» ретінде танылған. Тиімділігі жоғары әрі озық инновациялар енгізілген кешен жолаушыларға мінсіз қызмет көрсетеді. Біз жаңа жобаны іске асыруда осы тәжірибені ескеріп, авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниеттіміз», – деді президент.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан мен Сингапур арасында жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ықпалдастықты жандандыруды ұсынды. Әңгімелесу барысында Тоқаев Ли Сянь Лунның алғашқы сапары еліміз үшін тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

    «Осыдан 35 жыл бұрын, Қазақстан тәуелсіздігінің елең-алаңында, яғни 1991 жылдың қыркүйегінде әкеңіз Ли Куан Ю Қазақстанға келді. Сол сапар өзара қарым-қатынасымыздың берік негізін қалаған еді. Біз Сингапур басшылығының көреген саясатын жоғары бағалаймыз. Қаржы, сауда, инновация мен технологияның жаһандық орталығына айналудағы жетістіктеріңіз таңғалдырады. Сіздің еліңіздің тәжірибесі бүкіл халықаралық қоғамдастыққа үлгі болып отыр», – деді Тоқаев.

    Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерді атап өтті.

    Кездесу соңында Тоқаев екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Еске салсақ, бұған дейін Астанада жаңа әуежай салынатын орын таңдалғаны туралы жазған болатынбыз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →