Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді Ұлдана Мырзуан ісіндегі маңызды өтініш қанағаттандырылмады Алматыдағы бірегей операция: дәрігерлер 5 жастағы қыздың жамбас буынын қалпына келтірді Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр? Президент Жарлығы: Құрылтайдың алғашқы сессиясы 28 тамызда өтеді Ұлдана Мырзуан ісіндегі маңызды өтініш қанағаттандырылмады Алматыдағы бірегей операция: дәрігерлер 5 жастағы қыздың жамбас буынын қалпына келтірді Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды «Жұмыс созылып кетті»: Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір аптада аяқтауды тапсырды Бір округ, бес пайыз, 145 мандат: Құрылтай сайлауының ережесі әлемдік картада қай жерде тұр?

    Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды

    Бибісара Асаубаева қарсыластарын қапы қалдырып, рапидте топ жарды

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 турнирінің Еуропа кезеңінде рапидтен чемпион атанды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жарыстың алғашқы күнінде 5,5 ұпай жинаған Асаубаева барлық қарсыласын артқа тастады. Ширек финалда ол Германия өкілі Элизабет Петцпен кездесіп, негізгі партиялар тең аяқталғаннан кейін тай-брейкте жеңіске жетті.

    Жартылай финалда қазақстандық шахматшы грузиялық Нино Бациашвилимен сынға түсті. Финалисті анықтау үшін өткен «Армагеддон» партиясында Бибісара қара тастармен ойнап, өзіне қажетті тең нәтижені сақтап қалды.

    Шешуші кездесуде Асаубаева украиналық Мария Музычукке қарсы ойнады. Қазақстандық гроссмейстер алғашқы партияда қара тастармен жеңіске жетсе, екінші ойында ақ тастармен де қарсыласынан басым түсті. Финалдық матч 2:0 есебімен аяқталды.

    Сен-Тропедегі дода 26 тамызда блиц бәсекесімен жалғасады. Турнирдің ресми бағдарламасына сәйкес, сегіз шахматшы екінші жүлде жиынтығы үшін таласады. Жарыс жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады.

    Айта кетейік, Бибісара Асаубаева бұған дейін АҚШ-тың Сент-Луис қаласында ұйымдастырылған Cairns Cup 2026 супертурнирінде де жүлдегерлер қатарынан көрінген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →