Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

    Жеңіс Ысқақова: Әйел зорлық-зомбылыққа шыдамауы керек

    Қазақстандық әнші Жеңіс Ысқақова әйелдердің зорлық-зомбылыққа шыдамауы керектігін айтып, отбасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді.

    Жеңіс Ысқақова: Әйел зорлық-зомбылыққа шыдамауы керек

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстандық әнші Жеңіс Ысқақова отбасындағы ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас пен әйелдің шыдамдылығы туралы пікір білдірді. Өнер иесі әйел адам зорлық-зомбылыққа төзбеуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әншінің сөзінше, шыдамдылық – күнделікті тұрмыстағы қиындықтарға сабырмен қарау.

    «Шыдамдылық деген жұмыстан шаршап келгенде балаңның еркелігін көтеру, күйеуіңнің шайын құйып беру. Соның өзін қиындатады. Ал қазіргі қоғамда еркектердің әйелдерін балалардың көзінше нұқуы – нағыз сорлы еркектің тірлігі. Ол сорлылыққа әйел шыдамау керек. Ол кезде шыдамсыздық бөлек дүние», – деді Жеңіс Ысқақова.

    Ол мұндай жағдайда әйел ең алдымен өзін және балаларын қорғауы керек екенін атап өтті.

    «Бұл жерде әйел өзінің балаларын, отбасын, өзін қорғау керек. «Саған жүр, сөйлесіп келейік, сыртқа шық» демесе, салып жібер әкең! Сөзбен түсіндір. Бір еркекті тоқтата алмайсың ба?» – деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →