«Соңғы сапарына шығарып салдық»: Жұлдыз Әбдікәрімова әулетіндегі қаза туралы жазды
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына ауыр қайғы келгенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айту жазбасын жариялады. Өнер иесі енесінің туған інісі дүниеден өткенін жеткізіп, марқұмның артында қалған туған-туыстарына сабыр тіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Актриса жазбасында өмірдің өткіншілігіне тоқталып, кеше ғана қасында жүрген адамның бір сәтте бақилық болғанын айтып, қазаның ауыр тигенін жеткізді.
«Бұл апта біздің отбасымызда осы ақиқаттың екіншісі тағы бір еске салды. Енемнің туған бауыры Жаратушысына қайтты. Түркістанға, туған жеріне барып, Құран бағыштап, соңғы сапарына шығарып салдық. Заман зулап өте шығады екен. Кеше ғана ортамызда жүрген адамға қас-қағым сәтте Алладан әмір келіп, мәңгілік сапарына аттанды. Жүрек езіліп, сағыныш пен қимастық қанша қыспаққа алса да, ақиқатқа бас иіп, Алланың әміріне мойынсұнып қайттық. Ағайынға Алла сабыр берсін!», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сондай-ақ актриса марқұмның жаны жәннатта болып, иманы жолдас болуын тіледі.
«Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Алдынан жарылқап, иманы жолдас болып, жаны жәннәтта болғай!», – деді ол.
Алайда желі қолданушылары садақадан контент жариялаған актрисаны аяусыз сынап тастады.
