Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйік алды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді

    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті

    Атырау облысы Индер ауданында жүкті әйел күйеуінен жәбір көріп, ауруханаға түсті. Оқиғаның мән-жайы және әйелдің жағдайы туралы мәлімет.

    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті

    Сурет: turkystan.kz

    Атырау облысының Индер ауданында 32 жастағы үш баланың анасы төртінші сәбиіне аяғы ауыр кезінде күйеуінен жәбір көрген. Ол көршісінің үйіне қашып барып, жедел жәрдем шақыртқан. Қазір ол ауруханада ем алуда, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Телеарна тілшісінің хабарлауынша, жүкті әйел Ақбөбек Оразбаева Атырау облысы Индер ауданы ауруханасында жатыр. Ол сол түні болған оқиғаны көзіне жас алып еске алды. Оның айтуынша, күйеуі бұрын да қол жұмсап келген, бірақ ол уақыт өте келе түзелер деп кешіріп жүрген. Бұл жолы мас болып келіп, екі рет ұрған. Бас пен құлақ шыңылдап, балалары қорқып оянған. Ол өліп қалуы мүмкін екенін түсініп, көршісіне қашып, жедел жәрдем шақырған.

    Ақбөбектің сөзінше, ауруханаға келген полиция қызметкері оны қорғаудың орнына, «отбасыңды сақта» деп сабырға шақырған. Қазір оның жағдайы қалыпты, ми шайқалуынан емделіп жатыр. Дәрігерлер оның төртінші баласына аяғы ауыр екенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →