Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр Үндістан жағалауында кеме апатқа ұшырап, 22 теңізші жоғалып кетті Мемлекет басшысы Украина Президентін құттықтады Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр

    Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр

    Асфальтсыз қалған жол: Елтай ауылының тұрғындары күн сайын кептелісте сағаттап тұр
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылында көпір маңындағы жолдың бір бөлігіне асфальт төселмей қалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы учаскенің кесірінен көлік қозғалысы қиындап, таңертеңнен кешке дейін ұзын-сонар кептеліс пайда болады.

    Бұл жолмен күн сайын қатынайтын жүргізушілер кептелісте бірнеше сағат тұруға мәжбүр екенін айтып отыр.

    Тұрғындар жолдың не себепті аяқсыз қалғанын және асфальт төсеу жұмыстары қашан қайта басталатынын сұрайды.

    Сондай-ақ олар жауапты мекемелерден жөндеу жұмыстарының нақты аяқталатын мерзімін жариялауды талап етіп отыр.

    Әзірге аталған жол учаскесінің қашан толық жөнделетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

    Видео: @eltai_okrug

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →