Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    «Кеңес дәуірінің жасанды тұлғаларының есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ономостика саласын тәртіпке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ.

     

    Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет.

     

    Жалпы ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс, — деді Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан құрылтайда.

     

    Президенттің пікірінше, ономастика ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес, бұл – мемлекеттің шаруасы.

    «Сондықтан осы саладағы барлық рәсімді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», — деді мемлекет басшысы.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →