Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды •

    «Дәретханалар салғым келеді»: Дина Төлепберген арманымен бөлісті

    «Дәретханалар салғым келеді»: Дина Төлепберген арманымен бөлісті

    Фото: Видеодан скрин

    Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген Zamandas подкастында телеарнадан кеткеннен кейінгі өмірі мен болашақ жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    КТК арнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасын 13 жыл жүргізген журналист бүгінде әлеуметтік желіде белсенді. Ол қыздардың жыныстық сауаты, жеке гигиенасы мен шекарасы туралы жиі айтады.

    Подкастта Дина Төлепберген болашақта 100 дәретхана салуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

    «Мен өте бай әйел болып, бассейндер мен дәретханалар салғым келеді. Қазір менің 100 дәретхана салу деген миссиям бар. Жыныстық сауат туралы жиі айтып жүрмін ғой. Өкініштісі, біздің қоғамда жыныстық сауат туралы айтылмайды, оны ұят дейді – бар мәселе осы жерден басталады. Қыздар өзінің етеккірі туралы көп нәрсе білмейді, ал мектепте жігіттер мазақтайды. Дәретханалар да мүлде оған лайықталмаған», – дейді ол.

    Оның айтуынша, Жапониядағы дәретханаларды көргеннен кейін Қазақстандағы жағдайға алаңдаған.

    «Өкінішке қарай, біздегі дәретханалар өте нашар. Мен Шымкентте оқыған мектепте дәретхана сыртта болатын. Етеккір келген кезде сол жерге барсам небір ауру жұқтырып алатын шығармын деп қорқатын едім», – дейді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →