Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ •

    Анна Данченко анасына деген махаббаты туралы сыр шертті

    Тележүргізуші Анна Данченко анасына деген сүйіспеншілігін білдіріп, оны жоғалтудан қорқатынын жазды. Ол анасының ауруханаға түскенін де хабарлады.

    Анна Данченко анасына деген махаббаты туралы сыр шертті

    Сурет: turkystan.kz

    Тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желідегі парақшасында анасына деген ыстық ықыласын білдіріп, оны жоғалтудан қатты қорқатынын жазды. Оның сөзінше, анасы – оның өмірінің мәні, ал қайғысын ешкім түсіне алмайды. «Анашым, өтінемін, өмір сүрші! Менің қайғымды ешкім және ешқашан түсінбейді. Менің не сезініп жүргенімді де ешкім сезе алмайды. Анашым – менің өмірім! Менде сенен басқа ешкім жоқ. Сені жоғалтуға дайын емеспін. Анашым, өтінемін, өмір сүрші!» деп жазды ол, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сонымен қатар, жүргізуші архивтегі бейнежазбамен бөлісіп, анасына арнаған тағы бір әсерлі жазбасын жариялады. «Егер сен кетіп қалсаң, мені өзіңмен бірге ала кет. Мен әкем екеуіңе ән айтып беремін. Анашым, маған өте ауыр. Қалшы, өтінемін!» делінген жазбада.

    Айта кетейік, журналист бұған дейін анасының кенеттен ауруханаға түскенін хабарлап, оқырмандарынан дұға сұраған еді. «Анам ауруханаға түсіп қалды. Дұғада болыңыздаршы. Мен жолға шықтым. Елге аман-есен жетейін. Жүрегім жарылардай. Алда 22 сағат. Көз жасым тоқтамай тұр», – деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →