Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Реформаның таза есебі: салық түсімі 17 пайызға өсті, бірақ экономика 16 пайызға өскен • «13 жастағы қызбен» кездесуге келген: Ақтауда белсенділер күдікті ер адамды әшкереледі • Алматы облысының әкімдігі жолдың сапасын неге қадағаламайды? • Қазақстанда әлеуметтік көмек кімге көбірек беріледі? Сарапшы түсіндірді •

    Цинциннати турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Цинциннати турнирі: Елена Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Фото: ҚТФ

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

    Қарсыластар бұған дейін өзара 13 рет кездесіп, соның жетеуінде Швентек жеңген еді. Соның ішінде өткен жылы осы жарыстың жартылай финалында поляк теннисшісі басым түсіп, кейін чемпион атанған еді. Сондай-ақ өткен аптада Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің финалында Швентектің тағы да мерейі үстем болды.

    Бұл жолы бірінші партияда Ига 3:0 есебімен алға шықты. Есеп 1:4 болғанда, сол аяғын ауырсынған Елена медициналық көмекке жүгінді. Содан соң жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

    Ига Швентек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен таласады. Ол ширек финалда тартысты матчта әлемнің 10-ракеткасы, отандасы Аманда Анисимованы қапы қалдырды – 6:4, 2:6, 7:6 (7:4).

    Е.Рыбакина Цинциннати турнирінің финалына шыққанда, әлемдік рейтингіде көш бастайтын еді. Өкінішке қарай, бұл мүмкіндігін пайдалана алмады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →