Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады •

    «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті

    «Қызымды қол жұмсауға итермеледі»: 17 жастағы оқушының отбасы әділ тергеу талап етті

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысы Іле ауданының Көкқайнар ауылында 17 жастағы 11-сынып оқушысы Ясмина Изимжанның қазасына байланысты отбасы істің жан-жақты тергелуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Марқұмның жақындарының айтуынша, 2026 жылғы 23 сәуірдегі қайғылы жағдайға дейін жасөспірім психологиялық қысым көрген. Туыстары мектеп мұғалімі Күміс апай Ясминаның ұлы Ернатпен қарым-қатынасына қарсы болып, қызға ұлттық ерекшелігіне байланысты қысым көрсеткенін мәлімдеді. Отбасы осы жағдайлар қыздың психологиялық күйіне әсер етуі мүмкін деп есептеп, барлық мән-жайды тергеу барысында тексеруді сұрайды.

    Әзірге бұл — марқұмның туыстарының мәлімдемесі, сондықтан айтылған айыптауларға құқық қорғау органдарының ресми бағасы берілуі тиіс. Жасөспірімнің отбасы істің әділ әрі жан-жақты тергеліп, қызының қазасына қатысты нақты жауап берілуін талап етуде.

    Видео: @qara_almaty

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →