Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты •

    Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді

    Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияның Чоко департаментіне барып, 10 жаңа мектеп салуға уәде берді. Жоба Pies Descalzos қоры мен Говард Баффеттің қолдауымен жүзеге асады.

    Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Колумбияға 10 мектеп салып береді

    Сурет: madeniportal.kz

    Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен барып, қираған мектептерді аралап, оқушылармен жүздесті. Ол кемінде 10 жаңа мектеп салуға және Чоко технологиялық университетін қалпына келтіруге көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Бұл жоба оның Pies Descalzos қоры мен америкалық филантроп Говард Баффеттің бірлескен қолдауымен жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар, Global Citizen мен Live Nation ұйымдары 1 млн доллар бөлді.

    Еске салайық, 10 тамыздағы 7,4 баллдық жер сілкінісінен 289 адам қаза тауып, 4187 адам жарақат алған еді. Шамамен 27 мың үй қираған. Ал ел президенті апаттан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 9,5 млрд доллар қажет екенін айтқан болатын.

    Айта кетейік, Шакира 1977 жылғы 2 ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында дүниеге келген. Оның анасы колумбиялық, ал әкесі ливандық текті колумбиялық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →