Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды

    Грузиялық әнші Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, 800 мың қаралым жинаған. Желі қолданушылары оның акцентін жылы қабылдап, ән мәтінінің авторын болжауда.

    Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды

    Сурет: turkystan.kz

    Грузиялық танымал әнші, «А’Студио» тобының солисі Кети Топурия қазақ тілінде ән шырқап, тыңдармандарының ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында «Jañbyrdan soñ» («Жаңбырдан соң») деп аталатын жаңа әнінің үзіндісін жариялаған. Қысқа бейнежазба аз уақыт ішінде шамамен 800 мың қаралым жинаған.

    Желі қолданушылары Кети Топурияның қазақ тілінде ән айтуына ерекше назар аударып, оның акцентін де жылы қабылдаған. Көпшілік жаңа композицияға қатысты түрлі пікір қалдырып, ән мәтінінің авторы кім екенін де болжаған.

    «Қазақтар мен грузиндер – бауырлас халықтар», «Уау, қандай керемет ән», «Қазақ тілін грузин акцентімен есту ерекше екен», «Түсініксіздеу болғанымен, өте әдемі естіледі» деген пікірлер жазылған.

    Тыңдармандардың кейбірі ән мәтінін «А’Студио» тобының негізін қалаушылардың бірі Байғали Серкебаев жазуы мүмкін деген болжам айтқан.

    Әзірге «Jañbyrdan soñ» әнінің толық нұсқасы қашан жарық көретіні белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →