Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Айбек Оралбай суперауыр салмаққа ауысу себебін айтып берді • Алматыда қоқыс арасынан тасталған мылтық табылды • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді •

    Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады

    Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондар мен мобильді құрылғыларды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады. Бұзушыларға айыппұл қарастырылған.

    Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады

    Сурет: egemen.kz

    20 тамыздан бастап Қазақстанда смартфондар мен басқа да мобильді құрылғыларды міндетті тексеруден өткізбей сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Сатуға шығарар алдында кәсіпкерлер телефонның IMEI-кодын арнайы дерекқор арқылы тексеріп, құрылғының бұғатталмағанын және елге заңды жолмен әкелінгенін растауы тиіс.

    Талаптарды бұзғандарға айыппұл салынады. Оның мөлшері жеке тұлғалар үшін 90 АЕК-тен басталса, ірі бизнес үшін 600 АЕК-ке дейін жетеді.

    Сатып алушы да құрылғының мәртебесін IMEI арқылы тексере алады. Егер оған верификациядан өтпеген телефон сатылса, ол тауарды ауыстыруды, бағасын төмендетуді немесе ақшасын қайтаруды талап етуге құқылы.

    Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін шетелден жылына екі реттен артық телефонды немесе мобильді құрылғыны верификациялауға рұқсат берілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →