Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда

    Қазақстанға қайта жерсіндіру бағдарламасымен әкелінген жолбарыс қабанмен айқасып, шегінуге мәжбүр болған видео әлеуметтік желіде тарады.

    Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда

    Әлеуметтік желіде Қазақстанға қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында әкелінген жолбарыстың қабанмен айқасы түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Түнгі кадрларда жолбарыстың қабанға тап бергені көрінеді. Алайда қабан оңай олжа болмай, жыртқышқа қарсы тұрып, бірнеше рет шабуыл жасаған. Соңында жолбарыс шегінуге мәжбүр болған.

    Қазақстанда жолбарысты тарихи мекеніне қайтару жұмыстары бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы мақсатта Іле-Балқаш өңірінде арнайы бағдарлама қолға алынған.

    Күтпеген көрініс желі қолданушыларын таңғалдырып, көпшілік қабанның қайсарлығына назар аударуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →