Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады •

    Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді

    Қуат Хамитов боксшы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді
    Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Геннадий Головкинге қатысты айтылып жатқан сынға пікір білдіріп, оны ашық қолдады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұған World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларды халықаралық жарыстарға Ресейдің мемлекеттік рәміздерімен қатысуға жіберу туралы шешімі себеп болған.

    Хамитов Головкиннің Қазақстан спортындағы орны мен елді әлемге танытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

    «Соңғы кезде Генаны әркім бір түйреп қалғысы келетінін байқап жүрмін. Бірақ Геннадий Головкин бар жетістігіне орасан еңбектің арқасында жетті. Ол жылдар бойы елімізді әлемге танытты. Мұны оны сынап жүрген кейбір саясаткер мен журналистің өзі істей алған жоқ. Қазір Гена батыл шешімдер қабылдап жүр, өйткені ең басты қағиданы ұмытпайды: спорт саясаттан тыс болуы керек. Саясаткерлер кетеді, ал GGG есімі тарихта алтын әріппен қалады», – деп жазды Хамитов Instagram парақшасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →