Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді «Бәріміз Алланың құлы ғанамыз»: Роза Әлқожа ағынан жарылы Леңгірде тұрғын үйге жылан кіріп кетті: тұрғындар қауіпсіздігіне кім жауап береді? Тәтті дерттің жасаруы: неге Қазақстанда диабетпен балалар мен жастар жиірек ауыра бастады? Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді

    Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді

    Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираздың мәлімдемесіне жауап берді. Ол британдық боксшыны сөз таластырмай, мәселені рингте шешуге шақырды, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

    Бұған дейін WBO Әлімханұлын Шираздың чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер ретінде бекіткен. Алайда британдық бұл шешімді қатаң сынға алып, Жәнібектің допингке қатысты ісін алға тартқан еді.

    Әлімханұлы қарсыласының пікіріне Instagram парақшасында жауап қайтарды.

    «Неге ол жай ғана: “Жекпе-жекке шығайық!” деп айтпайды? Түсінбейтінім – осы. Бұл – спорт! Егер өзіңді чемпионмын деп санасаң, оны дәлелде. Мықтылармен жұдырықтасып, шын мәнінде кім екеніңді көрсет. Подкастта отырып алып шағымдана бермей, рингке шық та, жұдырықтас!» – деп жазды Әлімханұлы.

    Айта кетейік, Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын өзінің міндетті қарсыласы ретінде тағайындау туралы шешімге наразылық білдірді. Британдық боксшының сөзінше, Әлімханұлының допингке қатысты жағдайынан кейін WBO-ның мұндай шешім қабылдауы оған түсініксіз.

    Ал WBO өткен аптада тараптарға жекпе-жек бойынша келіссөз бастауды міндеттеді. Бұл екі боксшының жолы алғаш рет түйісіп отырған жоқ. Бұған дейін Шираз орта салмақта өнер көрсеткен кезде де олардың кездесуі талқыланған, алайда британдық екінші орта салмаққа ауысқаннан кейін жекпе-жек өтпей қалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →