Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді Бірнеше күнге ғана жеткен жөндеу: Өскеменде жамалған жол қайта ойылды Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек Шахтерлердің қауіпсіздігі үшін: «Қазақмыс» жаңа Sandvik DS511 техникасын алды «Қазақмыс» Жезқазғанға заманауи спорт кешендерін тарту етпек Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Хамза Ширазға жауап берді Бірнеше күнге ғана жеткен жөндеу: Өскеменде жамалған жол қайта ойылды Қасым-Жомарт Тоқаев тоғыз елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек

    Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек

    Әнші Шакира Колумбияда қирап қалған мектептерді қайта қалпына келтірмек
    Фото: EFE

    Әнші өңірге сапары барысында 10 мектепті қалпына келтіруге және қатты зақымданған технологиялық университетке көмек көрсетуге ниетті екенін айтты, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Мектептерді қалпына келтіру жұмыстарына америкалық филантроп Ховард Баффеттің қоры да атсалысады. Қор Шакираның Fundación Pies Descalzos қайырымдылық ұйымымен бірлесіп жұмыс істейді. Бұл ұйым Чокода 22 жылдан бері білім беру жобаларын жүзеге асырып келеді.

    Шакира сондай-ақ жер сілкінісінен айтарлықтай зақымданған Чокодағы технологиялық университетті қалпына келтіруге жеке өзі қолдау көрсететінін айтты.

    Айта кетейік, 10 тамызда Колумбияның батысында магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапқан, тағы 426 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

    Жер сілкінісінің ошағы елдегі ең кедей өңірлердің бірі саналатын Чоко департаментінде орналасқан. Мұнда мыңдаған үй қирап, жүздеген білім беру нысаны зақымданды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →