Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 19 тамыз 2026 $ 462,1 535,0 5,43
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді «Полицияны көріп, қаша жөнелген»: Талапкерде мас жасөспірімдер қыздарды тоғайға алып кетпек болған Қытайлық гуманоид робот Усэйн Болттан да жылдам жүгірді «Үйіміз құлағалы тұр»: Атырауда ипотекаға баспана алған тұрғындар дабыл қақты Астанада 21 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды Алаяқтық жасады деген күдікпен Ресейден экстрадицияланған адам Қазақстанға жеткізілді

    Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды

    Продюсер Гүлзира Айдарбекова немересі Рабия-Сұлтанға арналған жаңа әнін ұсынып, оқырмандардан пікір сұрады.

    Гүлзира Айдарбекова немересіне арналған әнді таныстырды

    Сурет: turkystan.kz

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова немересі Рабия-Сұлтанға арналған жаңа әнімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Продюсер бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды. Ол немересіне арнайы ән шығарғанын айтып, оқырмандарынан әнді тыңдап, өз бағасын беруді өтінді.

    «Рабия-Сұлтан немереме осы әнді арнап едім, тыңдап көріп, бағасын бере кетіңіздер! Оқып отырған әрбіріңіздің шаңырағыңызда ұрпағыңызбен мақтан етер той болсын!» — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

    Оның айтуынша, көпшілік оған ырымдап қыз ұзату, бесікке салу және тұсаукесер тойларын өткізуді ұсынады екен. Продюсер жаңа әннің оқырмандардың да қуанышты күндерінде шырқалуын тіледі.

    «Бәлкім, бұл ән сіздің де ұрпағыңыздың бесікке салу не тұсаукесер тойыңызда шырқалып қалар деген үміттемін. Өсіріп отырған, үміт артқан ұл-қыздарымыз үлкен әулетті отбасына айналуын Алла қабыл етіп, көрер жақсылықтарымыз көп болсын!» — деді ол.

    Сонымен қатар продюсер немересінің тойы сәтті өткенін айтып, қуанышына ортақ болған көпшілікке алғыс білдірді.

    «Аллаға сансыз мадақтар болсын, тойымыз ойдағыдай өтіп, келген қонақтарымыз үйлеріне аман-есен оралды. Сіздердің бізбен болып, өз отбасыларыңыздың тойындай біріңіз талқылап, біріңіз ізгі тілек айтып отырғандарыңызға да үлкен рақмет!» — деп қорытындылады ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →