Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл баспалдақта ұйықтаған
Сингапурда пәтерін қоқыс басқан әйел төрт жыл бойы баспалдақ алаңында ұйықтаған. Еріктілердің көмегімен үй тазартылып, әйел қайтадан өз үйінде түнеуге мүмкіндік алды.
Сурет: turkystan.kz
Сингапурда тұратын әйел пәтерін жинаған заттары мен қоқысы басып кеткендіктен, төрт жыл бойы өз үйінде ұйықтай алмай, баспалдақ алаңында түнеуге мәжбүр болған. Бұл туралы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап, Qazaqtoday.info хабарлайды.
Mothership басылымының мәліметінше, әйел бірнеше жыл бойы әртүрлі заттарды жинап, оларды тастамаған. Уақыт өте келе пәтердің іші еденнен төбеге дейін үйілген дүниеге толып, тіпті кіреберіс есікті толық ашу мүмкін болмай қалған.
Үйде жататын бос орын қалмағандықтан, пәтер иесі түнде лифт маңындағы баспалдақ алаңында ұйықтап жүрген. Мұндай жағдай шамамен төрт жылға созылған.
9 тамызда әйелге көмек көрсету үшін 30-дан астам ерікті жиналды. Олар пәтердегі үйінділерді шығарып, бөлмелерді тазалап, үй иесіне қауіпсіз әрі жайлы ұйықтайтын орын әзірлеген.
Тазалау жұмыстары кезінде үйілген заттардың арасынан әйел үшін құнды бірнеше дүние де табылған. Пәтер иесінің өзі олардың бар екенін әлдеқашан ұмытып кеткен.
Еріктілердің көмегінен кейін әйел бірнеше жылдан соң қайтадан өз үйінде түнеуге мүмкіндік алды.
