Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған •

    Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті

    Атырау облысында орталық алаңды аттракциондар басып кетті: тұрғындар әкімдіктен бақылауды күшейтуді талап етті

    Фото: видеодан скрин

    Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңға демалуға келген тұрғындар балаларға арналған аттракциондар мен ойын құрылғыларының шамадан тыс көбейгеніне шағымданды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Тұрғындардың сөзінше, кәсіпкерлер алаңның едәуір бөлігін алып қойғандықтан, әсіресе кешкі уақытта еркін жүріп-тұру қиындаған. Ата-аналар қызмет бағасының да қымбат екенін айтады: балалар мінетін көліктердің бірінде 10 минуттық серуен 1500 теңге тұрады. Тамыз айының басында бұл аумақта рейд жүргізіліп, полиция қызметкерлері бірқатар ойын құрылғысын алып кеткенімен, көп ұзамай аттракциондар алаңға қайта оралған. Енді тұрғындар кәсіпкерлердің рейдтен кейін қандай негізде қайта жұмыс істеп жатқанын, олардың орталық алаңда қызмет көрсетуге рұқсаты бар-жоғын және бұл жұмысты Атырау қаласы әкімдігі қалай бақылап отырғанын түсіндіруді сұрап отыр. Қала тұрғындары орталық алаң ең алдымен халықтың еркін серуендеп, тынығуына қолайлы қоғамдық орын болуы керектігін айтып, әкімдіктен мәселені реттеуді талап етуде.

    Видео: @atyrauoil.official

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →