«Анамның немересі үйленді»: Әнші Мақпал Жүнісова келінді болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында сүйінші хабармен бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Оның бауырының ұлы үйленіп, келін түсіргенін мәлімдеді.
Өнер иесі жастарға ән арнап, ақ тілегін жеткізді.
«Анамның немересі үйленді. Келінді анамның қара шаңырағына әкеліп түсірдік. Құтты келін болсын! Жастар бақытты болсын!», — деп жазды ол.
Оқырмандар әншіні құттықтап, тілектерін жазды.
