Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді

    Баян Мақсатқызы Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты пікір білдіріп, отандық әртістерге қойылатын талаптардың әртүрлі екенін сынға алды.

    Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді

    Сурет: turkystan.kz

    Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматыда өткен Канье Уэстің концертіне қатысты пікір білдіріп, отандық және шетелдік өнерпаздарға қойылатын талаптардың әртүрлі екенін сынға алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Продюсердің айтуынша, 19 мамырда ұйымдастырылған отандық шоу кезінде қауіпсіздік талаптарына байланысты отшашу қолдануға рұқсат берілмеген. Баян Мақсатқызы шетелдік әртістерге мұндай мүмкіндік беріліп отырғанын түсінбейтінін жеткізді.

    «Заң алдында бәрі тең болғанымен, біреулер “теңірек” болғаны ма? “Дау-дамай туындайды, қауіпсіздікке кепілдік жоқ” деді. Мұны қалай түсінуге болады? Қазақ әртістері екінші сорт па? Біздің шоуымыз бір бас жоғары болғанына қарамастан, бізге болмайды да, Канье Уэстке бола ма?!» – деп жазды ол.

    Продюсер бұл жағдайды қоғамдағы бұрыннан қалыптасқан көзқараспен байланыстырды.

    «Қонақтардың алдында ұятқа қалмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, ал өзімізге осы да жарай береді», – деді Баян Мақсатқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →