Әлеуметтік желіде тұрғындар Есіл, Шал ақын және Мамлют аудандарында бұршақ жауғанын айтты. Әсіресе Есіл ауданындағы Ясновка ауылында оның үлкендігі тауық жұмыртқасындай болған.
Ал осы аудандағы Явленка ауылында бұршақ кішіректеу болғанымен, тұрғындарға біраз зиянын тигізген.
— Жауын-шашын шамамен жарты сағатқа созылды. Алдымен 15 минут қатты жаңбыр жауды, арты бұршаққа ұласты. Дауыл тұрып, біреуіміздің гараж-қорамыздың шатырын зақымдады, көршілердің қоршауын жұлып кетті, — дейді ауылдықтар.
Бұршақ бақшада өсіп тұрған қияр-қызанақты ұрып, сау-тамтығын қалдырмаған.
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалы бір күн бұрын қолайсыз ауа райы туралы ескертті.
