Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті

    «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйін көрсетіп, дәрігерлерге алғысын білдірді. Жанкүйерлеріне ризашылығын айтты.

    Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жай-күйімен бөлісті

    Сурет: turkystan.kz

    «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов отадан кейінгі жағдайын көрсетіп, оған көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ ол жанкүйерлеріне ақжолтай тілектері үшін ризашылығын айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадағы суретін жариялап, кадрда дәрігерлермен бірге түскенін көрсетті.

    «Менің тілегімді тілеп, жанын шүберекке түйген пенделерін «Алла» мейіріміне бөлесін! Бір-бірімен ақылдасып, отаның жақсы шығуына үлес қосқан үш емханаға алғысым шексіз! Қазақтарда білікті маман жетеді!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.

    Бұдан бөлек, өнер иесі өзіне қолдау білдірген барша жанашырына алғысын айтып, «Барлықтарыңызды құшақтадым!» деп жазба қалдырған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →