Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Нұрай Серікбайдың ағасы қарындасына арнаған жазбасы елді жылатты Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды

    Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты

    Әнші Тоқтар Серіков ақын, сазгер, айтыскер Бекжан Әшірбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты.

    Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты

    Сурет: turkystan.kz

    Әнші Тоқтар Серіков ақын, сазгер, айтыскер Бекжан Әшірбаевтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұммен арадағы естелігін бөлісіп, оның қазасына байланысты ауыр қайғысын жеткізді.

    «Орыны толмас өкініш болып тұр. Уақыт, кеше ғана «Көршінің қызы» әнін алып келіп, осы әнді сен айтшы деп тапсырған еді. Жиырма бес жылдан артық уақыт өтіпті. Қайран Бекжан, замандасым-ай, бақұл бол. Ақындығыңның бір төбе, азаматтығыңның алып тау еді. Қош бол, қазақтың шыншыл ақыны», – деп жазды Тоқтар Серіков.

    Әнші марқұмның туған-туыстарына, жарына және балашағасына көңіл айтты.

    Бекжан Әшірбаев – ақын, айтыскер, сазгер әрі журналист. Ол «Көршінің қызы» әнінің сөзін жазған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →