Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған •

    Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жұдырық түйістірмек

    Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жұдырық түйістірмек

    Фото: әлеуметтік желі

    Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ресми түрде міндетті үміткер болып бекітілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) бұл мәртебені қазақстандық боксшыға беріп, даниялық Якоб Банктың осындай талаппен жасаған өтінішін қабылдамады.

    Әлімханұлының бұрын WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы болғаны шешуші факторлардың бірі болды. Қазақстандық боксшы орта салмақта чемпиондық белбеулерін бес рет қорғаған. WBO ережесіне сәйкес, бұрын әлем чемпионы атанған және титулын сәтті қорғаған боксшылардың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқан кезде басымдығы бар.

    Енді Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпионы, британдық Хамза Ширазбен чемпиондық жекпе-жек өткізуі тиіс.

    WBO екі боксшының өкілдеріне келіссөздерді дереу бастауды тапсырды. Тараптарға келісімге келу үшін 20 күн берілген. Егер осы уақыт ішінде жекпе-жектің шарттары бойынша ортақ мәмілеге қол жеткізілмесе, тамыз айының соңында титулдық айқасты өткізу құқығына промоутерлік сауда ұйымдастырылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →