Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған • Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды • «Екі жасар баланы суық балконға қамап отырған»: Петропавлда балабақша қызметкерлеріне қатысты дау шықты • Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің шатырынан құлап, ажал құшты • «Нақты жауабын сұраймыз!»: Аша Матай мен белгілі блогердің басы дауға қалды • Тереңкөл ауданында екі бала көмірқышқыл газынан уланды • Қордай ауруханасында 60 жастағы әже үш жылдан бері жатыр, туыстары табылмаған •

    Атырау тұрғыны пойыз астына түсіп мерт болды

    Атырау тұрғыны пойыз астына түсіп мерт болды
    Фото: Pixabay

    Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 13 тамызға қараған түні болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желілерде теміржол бойында пойыз қағып кеткен ер адамның видеосы тарады.

    Оқиғаға байланысты Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Іс абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік талаптарын бұзу дерегі бойынша тіркелген.

    Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

    «Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →