Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді

    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді

    Фото: Pixabay

    Қостанай облысының экономикалық соты облыс орталығының әкімі Қостанай-Рудный бағытына қызмет көрсететін кәсіпкердің үстінен түсірген талап-арызды қарады. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қостанай қаласының әкімі мен жеке кәсіпкер Б-ға қатысты жолаушылар мен жүкті тұрақты автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартты бұзу жөніндегі талап-арыз бойынша азаматтық істі қарады.

    Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттегені белгілі болды.

    “Келісім шарттарына сәйкес, жеке кәсіпкер №120 Қостанай – Рудный бағыты бойынша 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін қызмет көрсетеді», – делінген сот хабарламасында.

    Ал 2027 жылы 1 қаңтардан бастап келісімшарт екі тараптың келісімімен тоқтатылады.

    «Жауапкер сондай-ақ шарттың тоқтатылуына сот тәртібімен дау айтпауға және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін талапкерге мүліктік әрі қаржылық талаптар қоймауға міндеттелді. Ал талапкер шартты бұзу туралы талабынан бас тартты», – деп нақтылады сот.

    Сот келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Осылайша, №120 Қостанай – Рудный бағыты 2026 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастырады.

    Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →