Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 14 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді Орындық та жоқ: Шелекте мүгедектігі бар жандар аптап ыстықта көшеде тұруға мәжбүр Түркістан облысында тұрғындар жылдар бойы лай су ішіп келеді Кентауда Төлеби көшесінің тұрғындары тротуар мен суағардың жоқтығынан зардап шегуде

    «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды

    «Баян екеуміз жеңдік»: Динара Сәтжан атышулы емшімен болған сот туралы жазды

    Коллаж: OzgerisInfo.kz

    Тележүргізуші Динара Сәтжан өзіне және бірқатар танымал тұлғаға жала жапқан Бағдагүл Лепесоваға қатысты тағы да сөз қозғады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Сізге әлеуметтік желіде жала жапты ма, үндемеңіз, ұрсыспаңыз, жауап жазып, дауласып, уақыт кетірмеңіз! Заңға сүйеніңіз!

    Бірнеше ай бұрын Бағдагүл Баянға, маған және бірқатар танымал адамдарға қатысты былапыт сөз айтып, ауыр айыптар таққан болатын. Дауласпадық, әлеуметтік желіде оны желіктіріп, кері реакция жасамадық, біз тек сотқа бердік! Кеше Баян екеуіміз сотта жеңіске жеттік.

    Сот оған 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл қаржыны ол бізге емес, мемлекетке төлейді.

    Келесі жолы тағы да осындай әрекеттерін қайталаса, оны әкімшілік қамауға алу жазасы да тағайындалуы мүмкін. Адам басқа біреудің абыройына нұқсан келтіретін сөз айтқанда, әр сөзі үшін жауап беретінін ұмытпауы керек», – деді ол.

    Динара Сәтжан алда қорлау фактісі бойынша тағы бір сот отырысы өтетінін жеткізді.

    «Ертең менде тағы бір сот отырысы бар. Бұл жолы қорлау фактісі бойынша.

    Сөз бостандығы – аузыңа келгенді айту емес! Сөз бостандығы – өз сөзіңе жауапкершілік ала білу.

    Осы істі жүргізген адвокатым Рена Керимоваға кәсібилігі, сабырлығы үшін алғыс айтамын.

    Ақтөбедегі судьяға да ерекше алғысымды білдіремін. Рена Керимованың айтуынша, кеше сот процесі өте кәсіби деңгейде, нақты әрі жүйелі түрде өткен.

    Қазақта бір сөз бар: «Өз үйім деме, үй артында кісі бар». Тағы да айтамын, өз парақшам, өз эфирім деме, сені бақылап отырған кісі бар», – деп жазды Динара Сәтжан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →