Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады Ақтауда 3 көлік соқтығысып, 23 жастағы жүргізуші қаза тапты Медузалар жаулап алды: Францияда АЭС жұмысы тоқтады «Біраз адам іздепті»: Роза Әлқожа қазіргі жағдайынан хабар берді 36 жыл бойы жөндеу көрмеген: Таразда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар ауызсуға зарығып отыр Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық «Жастар – еліміздің басты күші»: Аида Балаева жастарға құттықтау жолдады

    Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды

    Астана тұрғынының пәтерінен сұмдық зат табылды

    Фото: видеодан скрин

    Елордада полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.

    Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңсыз табыс үшін бостандығыңызды тәуекелге тігудің қажеті жоқ — есірткі айналымына кез келген қатысу қатаң жауапкершілікке әкеледі.

    Айта кетейік, Алматыда есірткі саудасына дайындалған 130 орама тәркіленді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →