Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Елена Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына шықты

    Елена Рыбакина беделді турнирдің жартылай финалына шықты
    Фото: WTA
    Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

    Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

    Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

    Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

    Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →