Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді

    «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады

    Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеуінде «Левскиден» екінші рет ұтылып, турнирден шықты. Енді команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

    «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады

    Сурет: turkystan.kz

    Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы іріктеу кезеңінде Болгарияның «Левски» клубынан екінші рет жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады. Енді Қазақстан чемпионы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны бүгін, 11 тамызда, Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтті. Матч 0:1 есебімен «Левскидің» пайдасына аяқталды. Алғашқы кездесуде де Болгария клубы дәл осындай есеппен жеңіске жеткен еді. Сөйтіп, екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайрат» 0:2 есебімен ұтылды.

    Ойындағы жалғыз гол 13-минутта соғылды. «Левски» ойыншысы Рейналдо айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, қазақстандық команданың қақпасын дәл көздеді.

    Алматылық клуб еурокубоктағы жолын Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жалғастырады. «Қайраттың» қарсыласы Грекияның ПАОК және Бельгияның «Андерлехт» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазы болады. Алғашқы матчта «Андерлехт» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

    Егер «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмаса, онда клуб еурокубок маусымын Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →